Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов «Астана» клубына ауысты.
«Астана» футбол клубы мәлім еткендей, ойыншымен келісімшартқа қол қойылды.
Абат Айымбетов өзінің спорттық жолын «Ақтөбе» клубында бастап, 2013 жылы команда сапында Қазақстан чемпионы атанды. Суперкубокқа да ие болды. Сондай-ақ Еуропа лигасы іріктеу кезеңдеріне қатысты.
2020 жылы алматылық «Қайрат» сапында ел чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізіп, үздік сұрмерген атағына қол жеткізді. Абат биыл қыста Ресейдің ФНЛ-ында ойнайтын Самараның «Крылья Советов» клубына ауысқан еді.
Шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 13 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Абат елордалық команданың сапында жазғы трансферге дейін жалға ойнайды.
Келісімшартқа қол қойғаннан кейін Айымбетов өзіне осындай мүмкіндік берген «Астана» клубына риза екендігін, алаңда барын салатынын жеткізді.