24 сәу, 2017 сағат 09:55

Айгүл Ісмақова: "Ұлы", "қызы" деп жазу - Алаш зиялылары қалдырған аманат

Қазақ елінің елінің тарихында елеулі оқиға болып қалатын Алаш Орданының 100 жылдығы биыл ел тарихында өте ерекше болып өткізілуде. Әсіресе, жастардың арасында жоғары дәрежеде насихатталуда. Жас ұрпақтың алдағы міндеті осы ұлы қайраткерлер тұлғаларымызды ұмытпай, ұлықтап өту. Сондықтан да  жастардың санасына біраз болсын ой салып, ұлттық құныдылықтарына деген сүйіспеншілігін артыру мақсатында Сүлейман Демирал университетіне ф.ғ.д., профессор, әдебиеттанушы - Айгүл Ісмақова келді. 

Өскелең ұрпаққа ұлттық ерекшеліктерімізді дәріптеу жолында, Алаштың алыптарының еңбектерін паш ету жолында аянбай тер төгіп жүрген, еңбегі ерен апайымыз жиналған жастарды талай тағлымды мәліметтермен сусындандырды. Алаштың 100 жылдығына орайластырып отырған кездесудің  өзіндік бір нәтиже беріп ғана қоймай, талай жастарды тереңірек ізденіске , құлшынысқа қарай жетелегені анық.

Айгүл Ісімақова көптеген құнды еңбектердің авторы. Алыс-жақын шет елдерге танымал болып жүрген әдебиетші ғалым ««Алаш әдебиеттануы», «Асыл сөздің теориясы»  сынды  кітаптарымен қатар, 300-дей ғылыми мақаланың авторы. Алаш қайраткерлерінің асыл арманын жалғап, бабамыздың мұрасын көзінің қарашығындай көріп жүрген аяулы жандардың бірегейі Айгүл апайдың жастарға айтқан түйері көп ақыл кеңесімен бөліскім келген еді.

- «Орта  Азияда қазіргі саяси жағдайда ел бізбен санасатын ел қатарындамыз. Ол ненің арқасында?  Біздің қазақ жерінде Қытай жеріндегідей үлкен шекаралар болмаған. Сонда қазақтың кең-байтақ даласына біз қалай ие болғанбыз? Осыншама көшпелі ел қалай ие болды? Шетелге барсаңыздар Қазақ елінен шыққан Әл-Фараби дейді. Ол енді араб елінен шыққан жоқ. Біз Әл-Фараби шыққан жердің өкіліміз. Яғни, ақыл-даналық сөздер қазақ даласында о бастан Әл-Фараби шегелеп кеткен ел мен жерге ие болудың барлығы ақыл-сөзбен іске асқан. Ал ақыл-сөзі әдебиетте іске асқан. Менің «Алаш әдебиеттану» атты кітабым шыққанына 10 жыл болды. 7 мамыр күні қайтадан шығады. Басында Әл-Фараби тұр. Себебі, шетелге барсақ бізге қазақ ақылды халық. Бүкіл Орта Азияда жоғары тұрсыңдар. Әдебиеттегі интелектуалдық дәрежелеріңіз де сондай биік бірақ соны насихаттай алмай жүрсіздер. Біздің әдебиеттану басты кімге тіреліп тұр? Ол Әл-Фарабиге тіреліп тұр. Себебі, сөзді айту үшін кімге айтып  отырғаныңызды білу керексіз. Не үшін айтып отырғаныңызды да білу керексіз. Мақсат болу керек. Сөз айтылу үшін өзіне сай дискурстық  орта болу керек. Қазір біз шетелге таң қалып отырмыз. Пост-модернистік әдебиет пен оны танытатын әдебиетшілер ғылыми тілмен сөйлейді. Біздегі сияқты 500-600 бетік диссертация ешкім жазбайды. Сізді ғылыми атағыңызға қарап емес, басылымдарыңызды танып шақырады. Біздің қазақтың көшпелі елі ақыл-сөзіне ие болып соны ұрпаққа тастап кеткен. Қазақ әдебиеттануында Әл-Фараби тұр. Одан кейін Абай тұр. Абайды оқыған Алаш азама ттары Европалық университетерде оқыған. Сол ортада танылып жүріп, біздің Абай жүр дейтін. Қазақ даласында әскерсіз, қарусыз біздің дана би-шешендер ақылмен басқарған. Үш-төрт ақсақал Абылай ханның қасында отырып-ақ елді басқарған».

***

- «Алаш Орда мемлекетін құрған саясаткерлер бәрі бір-бір минстр болған. Әлихан Бөкейханов солардың төрағасы. Ғылымның қай саласы болсын. Жер асты, жер үстін зерттейтін бүкіл ғылым саласы, әдебиет, өнер, тарих, астрономия болсын осы ғылымдар саласынан бір-бір оқулық жазған ғалымдар. Сондықтан былтыр Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО төңірегінде аталып өтті. Себебі, ЮНЕСКО тек мәдениет, әдеби ғылым жетістіктерін зерттейтін ұйым. Әлихан Бөкейхановтың Оксфордта шыққан мақалаларын апарып бергенде таң қалған. Қазірдің өзінде бірде-бір академикті Еуропа сол дәрежеде мойындамаған. 1911 жылдан бастап Әлихан Бөкейхановтың Оксфорд жинағына шыққан мақалалары «Қобыланды» эпосы туралы, қазақтың шежіресі жайлы, жер асты-үсті байлықтары, металдарын және Менделеевтің кейін ашылған металдарын Әлихан Бөкейханов жазып кеткен».

 ***

- «Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы өздері солай жазғызған болатын. Солай жазуды бізде талап ету керекпіз. Біз де сауатты елміз. Әкесінің атын ұлы, қызы деп жазу Алаш зиялылары қалдырған аманаты. Бұның барлығы да бізге байланысты. Қазақ тілінің патриоттары біз болу керекпіз. Өзіміздің есімімізді дұрыс жазуға қазір еш кедергі жоқ. Өзіміздің санамызға байланысты».

Айгүл Ісімақова қазіргі қоғамда көп талқылауға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу туралы  да өз ойын айтып өткен болатын:

«Мен қазір бұған қарсымын. Кейінірек көшуге қарсы емеспін. Себебі, 1926 жылдан бастап 1939 жылға дейін латын әліпбиі бізге кіргізілген болатын. Менің анам мысалы тек латынша жазатын, орыс графикасын білмейтін. Ахмет Байтсұрынұлының төте жазуын жақсы оқитын. Ауылда 6 жасынан бастап арабша үйрете бастаған. Барлық зиялыларымыз арабша хат таныған, намаз оқыған, ораза ұстаған болатын. Латын әліпбиі совет өкіметі кезінде араб тілінен бізді аластату үшін кіргізілген. 1931 ол тоқтатылды. Себебі, жаппай сол кезде адамдардың бәріне жаппай латын әліпбиін үйрету деген мүмкіншілік болмады ғой. Бірден кириллицаға көшу қиынға түсетіндіктен де латынға көшкен болатын.  Содан біздің бүкіл мұрамыздың барлығы дерлік қазір Кири́ллицамен тұр. Енді латынға көшкен жағдайда біздің барлық мұраларымыз оқусыз қалады. Сонда біз дым білмес мәңгүрт болып шығамыз. Бұның барлығы латыншаға аударылғанша. Менің замандастары үйренеді. Ал алдымыздағы ағалар үйрене алмайды.  Ұрпақтарды тарихымыздан адастырып тастаймыз. Бұндай нәрсе Пәкістан, Ауғанстанда болған. Мысалы, Хинди елінің 16 диалектісі бар. Оларды бір жерде үйретеді, бір жерде үйретпейді. 16 диалект пен ағылшын тілін үйреткенде ел жартылай сауатсыз болып шыға келеді. Осындай қауіп бар. Алайда латын тілімен ағылшын тілін үйрену оңай.  Қазір балалар 1 сыныптан сөзді қосып оқи алмайды. Қазақша, орысша, ағылшынша үйретіп жүргенде, сөзді қосып оқи алмайды. 4 тоқсан басталып жатсада баланың басы шатасып жатыр. Сол бала 3-4 сыныпта сөзді қосып оқи алар, бірақ мектепке жеркенішті болып қалады. Біз оқыған кезде, қараша айында әліппемен қоштасып, желтоқсанда тақпақты тақылдатып тұратынбыз. Мінекей, қазір мамыр басталады, балалар сөзді қосып оқи алмайды. Бұл жағдайды енді сауатты адамдар сіздерде біліп жүру керексіздер».

Тілеген Көгершін,

Ұлт порталы