Бүгін орыс халқының танымал жазушысы, сатирик Михаил Задорновтың қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды ria.ru тележүргізуші Регина Дубовицкаяға сілтеме жасап.
"Иә, рас, Михаил Николайұлы қайтыс болды. Басқа ештеңе айта алмаймын, күтпеген жағдай", - деп келтіреді оның сөзін "Мәскеу" қалалық жаңалықтар агенттігі.
Жазушының өлімі туралы деректі СССР халқ әртісі, Госдума депутаты Иосиф Кобзон да растады. Оның айтуынша, Михаил дертінен мүлде айыға алмас еді, өйткені бас миының қос жартышары зақымданған.
"Кеше кешке таман ол өмірден өтті. Өте өкінішті. Ол - таза дауыс-тын, ешқандай саясатсыз. Мұндай жандардың өмірден ерте кететіні қайғылы, әрине", - дейді әнші.
БАҚ мәліметінше, Задорновтың жасы 70-те болған. Көп жылдар бойы сатирик онкологиялық аурумен күресіп жүрген.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, 2016 жылы танымал әртіске ми обырына шалдықты деген диагноз қойған. Сатириктің ауруы емделмейтіні анықталған. Басында Задорнов Ресейде емделген, кейін Германияға кеткен.
Михаил Задорнов 1948 жылы 21 маусымда Юрмалада дүниеге келген. Ол Ресей жаушылар одағының мүшесі болды. Оннан аса кітаптың авторы.