24 мау, 2020 сағат 14:06

Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы айтты

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы күндері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді және дәрігерлердің айтқан кеңесін ұстанып, оқшаулану режимін сақтауда», - деді Айдос Үкібай twitter парақшасында

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткені бұған дейін хабарланған болатын.

Кейін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің денсаулығына қатысты алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.