17 шіл, 2020 сағат 05:35

Айдос Ербосынұлының үш титул үшін айқасатын қарсыласы 27 рет жеңіске жеткен

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (13-0, 9 КО) 26 шілдеде Минскіде өтетін бокс кешінде кіммен жекпе- жекке шығатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол түбі нигериялық неміс Нуху Лавальмен (27-6, 15 КО) айқасады. 

Супер орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA International чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы он раундқа есептелген бұл айқаста өз титулдарын қорғайды.

Сонымен қатар Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы осы бокс кешіне өзге қазақстандық боксшылар: орта салмақтағы WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific чемпионы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО), Нұрсұлтан Аманжоловтың (2-0, 1 КО) және дебютанттар — Бек Нұрмағанбет пен Евгения Павлованың қатысатындығын хабарлады.