28 қар, 2022 сағат 09:14

Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға алғыс білдірді


Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін Instagram желісінде жазба қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Боксшы келген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдірген отандастарына алғысын жеткізді.

"Осыған ұқсас смс-тер көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алла жазса алар асуымыз әлі алда", - деп жазды Ербосынұлы.


Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің "тұрақты" әлем чемпионы атағы үшін өтті. Айқастан кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған "миына қан кету" диагнозы қойылды. Одан кейін жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.