Белгілі экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Құсайынов Айдархан Маратұлы - физик, инженер; М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Атырау мұнай және газ институтын бітірген. 1994-1998 жылдары консультациялық бизнесте, соның ішінде ҚР үкіметінің консультанты ретінде қызмет етті. 1998-2001 жылдары ұлттық мұнай-газ компанияларында басшылық лауазымдар атқарды.
2001-2003 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі газ өнеркәсібі департаментінің директоры болды. 2004 жылдан бастап стратегиялық және басқару консультациясына маманданған Almagest компаниясын құрып, консультативтік бизнеске қайта оралды.
2014-2015 жылдары «Алматы даму орталығы» АҚ-да концессиялық жобаларды басқару тобының басшысы ретінде жұмыс істеді. Акционер өкілі немесе тәуелсіз директор ретінде түрлі компаниялардың директорлар кеңесіне кірді. Ресей және Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі.