Елімізде алдағы үш күнде аяздың беті қайтады, дегенмен 10 ақпанда кей өңірлерде бұрқасын болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "Қазгидромет" инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.
"Еліміздегі ауа райын анықтайтын ауқымды антициклон ақырындап Батыс Сібірге шегіне бастады, онымен бірге аяз да қайтып жатыр. Алдағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда 10 ақпанда солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардың кей жерлерінде қар жауып, бұрқасындатады, күшті жел соғады деп болжануда", — дейді Сайлыбаева.
Ал бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді – 15-20 м/с.Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.