Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс антициклон әсер етіп, онымен жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды бөліктердің өтуімен елдің басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстікте қар, республиканың оңтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар түрінде жауады.
"Республика бойынша жел секундына 15-23 метрге дейін жетеді, солтүстікте көктайғақ, шығыста тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде ауа температурасы 8-22 градусқа дейін төмендеп, аяз болады", - делінген хабарламада.