10 нау, 2021 сағат 20:10

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтеді

11 наурызда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады. Ел біріншілігі онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұлттық біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 300-ден аса спортшы қатысады. 

«Биылғы қаңтардан бастап алдағы Азия чемпионатына қарқынды дайындалып жатырмыз. Бүгінде бапкерлер құрлық додасына қатысатын 17 ауыр атлетті таңдап алды. Оның ішінде жеті әйел, он ер адам бар. Қатысушылар есімін ел чемпионаты аяқталған соң жариялаймыз. Бұл жолы да біз жарысты үйреншікті онлайн форматта өткіземіз. Біздің спортымыз үшін бұл нұсқа ыңғайлы. Жарыстың өту барысына айтарлықтай кедергі келтірмейді. Екінші жағына, Азия чемпионаты қарсаңында спортшылардың вирус жұқтырып алу қаупінің алдын алады», - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов. 

Айта кетелік, турнир 17 наурызға дейін жалғасады.