Қазақстандық Михаил Кукушкин жұптық сында литвалық Риакрдас Беранкиспен бірге Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-литвалық жұп бастапқы кездесуін осы «Үлкен дулыға» турнирінде 11-ракетка болып тіркелген фин Хенри
Континен – франциялық Эдуард Роже-Вассленмен өткізді.
М.Кукушкин мен Р.Беранкис екі партияда қос бірдей брейк жасап, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
Қазақстандық-литвалық жұп екінші айналымда аустралиялықтар Джеймс Дакворт – Марк Полманс немесе сербиялық Никола Качич – даниялық Фредерик Нильсеннің қай жеңгенімен кездеседі.
Жұптық сында сондай-ақ Александр Бублик пен Андрей Голубев бірінші айналымда мажарстандықтар Аттила Балаш – Мартон Фучовичпен, Елена Рыбакина мен Ярослава
Шведова америкалық-бразилиялық дэут Хэйли Картер – Луиза Стефанимен, Юлия Путинцева мен Зарина Дияс ресейлік пен словакиялық Анна Калинская – Виктория Кужмовамен шеберлік байқасады.