14 ақп, 2017 сағат 09:29

"Әулие Валентин" дегеніміз кім?

14 ақпан  кейбір мемлекеттер де «Ғашықтар күні», «Махаббат күні», «Валентин күні» деп аталып өтіледі. Елімізде аталған мейрамға байланысты екі ұшты пікірлер жүр.

Бұрында адамның кім екеніне баға берер де, оның тұтынған ұстанымын зерттейтін болған. Ал, қазіргі ұстанымға көз жүгіртіп көрелік. ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген атақты қарақшы Мишка Япончик, Европада, қазіргі жастардың үлгі алатын көзайымына айналған. Оның жүздеген адамның жанын қиып, ондаған банкті тонап, жасаған қылмыстарын қазір көптеген жастар «ерлік» деп бағалап, дәріптеп жүр. Қарақшыға арнап, көркем фильм шығарылып, ән арналып, балаларына оның атын қойып, оны жастардың еліктеп, үлгі алатын піріне айналдыру кеңінен көзделуде. Ал, итальян мафиясының басшысы аль Капоне де, қазір дәл солай дәріптелуде. Сондықтан бүгінгі күнмен өмір сүру, яғни ұялмаған бұйырмағаннан жеу, бермесе тартып алу психологиясы жастардың санасына барынша егілуде.

Бұлардан, әзірге біздің жастарымыз үлгі алмаса да, жастарымыздың ішінде шіркеу лағнет (анафема) жариялаған Валентинді, «әулие» деп, махаббаттын жебеушісіне айналдыруды көздеп жүргендер баршылық. Шіркеу, нәпсіні, яғни жыныстық ләззаты, жүрек, ақыл былай тұрсын, сананың үстіне шығарып, «махаббат үшін бәрінен, бәрінен де безуге болады» деп, өзінің шіркеу қызметкері екенін пайдаланып, жауынгерлерді жасырын некелеп, әскердегі тәртіпті әлсіретіп, мыңжылдық тарихы бар Рим империясының құлауына себеп болғандардың бірі ретінде, оны өлім жазасына кескен. Жауынгерлер өзіне тапсырылған күзету, т.б. міндеттерін ұмытып, нәпсі айдауымен «махаббат» іздейтін болған. Нәтижеде әскер ыдырап, Рим құлады. Валентин «неке аспанда қиылады» (союз скрепляется на небесах) деп, Жаратушыны меңзеп, үйленгендердің некесі жариялы қиылу қажеттілігін жоққа шығарып, «азаматтық некені», яғни некесіздікті дәріптеп, басы бос әйел былай тұрсын, біреудің некелі жұбайын, басқа біреумен «махаббат шөлін» қандырғанша қосып, қайтадан ажыратып отырған. Осы әрекетіне байланысты, «махаббат үшін құрбан болған әулие» деп, оны қазір дәріптеп жүр. Дәріптеу нәтижесінде, «махаббат майталманы» атанған Малибу тәрізді, мыңдаған еркекпен «кездескен», бір «кездесуі» бір миллион доллар тұратын, жезөкшелер пайда болды. Олда ештеңе емес, Батыстың оқушы қыздарының, оны «пірім» деп есептеумен шектелмей, «үлкейгенде менде, жезөкше болам» деуі, қорқытады. Мұның, Батысқа еліктейтін, бізге де келмесіне кім кепіл? (Дерек көзге М.Көрпелиевтің «Үйлесімділік әліппесі», Алматы-2014, атты еңбегі пайдаланылды. 201-209 беттер).

Ал, шындығында қазір еліміздің өзге ұлттар (еуропалықтар) көбірек шорғырланған өңірлерін де «нудистер» бар ма - бар, гейлер бар ма – бар, лесбилер бар ма бар, қыздардың, ерлердің бір-бірлеріне үйленулері бар ма – бар, «азаматтық неке» бар ма - бар, жезөкшелер бар ма – бар. Олар қазір Қазақстанның өзге өңірлеріне де етек жайып келеді.

Қазақтың барлық азаматтарына мұндай масқаралықтың алдына алынбас қамал, тосқауыл қоймағы ләзім.

Қазақтың арлы ұлдары мен ару қыздарына «Ғашықтар күні» деп 15 сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күнін тойламағы ләзім.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Ұлт порталы