12 шіл, 2024 сағат 15:19

Ауғанстанға аттанамыз деген қазақ қыздары тәліптердің назарын аударды


Ауғанстанға кетеміз деген қазақ қыздарын тәліптер бақылауға алды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Бұған дейін қара никаб киіп, көк туды жамылған қыздардың әрекеті желіде тарады. Бұл желі  қолданушыларының наразылығын тудырған еді.
Ауғанстанның "Afghanistan International" халықаралық телеарнасы "Ауғанстанға аттанамыз" деген жас қыздар жайлы материалды таратқан. 
 "TikTok желісінде 7 қазақстандық қыздың әрекеті қызу талқыға түсті", - деп жазған олар.

Сондай-ақ телеарна бұл қыздардың Ауғанстанға сапары "Талибанның" бақылауында екенін жазған.