Ауғанстандағы Ресейдің бас консульдығының қызметкерлері Өзбекстанға эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзбекстанның сыртқы ведомствасы таратқан мәліметке қарағанда, Ауғанстанның Хайратон қаласындағы Ресейдің бас консульдығының дипломаттары Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл шара ресейлік қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жасалған.
«Ауғанстанның Хайратон қаласындағы Ресейдің бас консульдығының қызметкерлері Өзбекстан аумағына жеткізілді», - деді Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов.
Еске салсақ, Ауғанстандағы жағдай күрделеніп, елдің қарулы әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстан аумағына өтіп кеткен еді. «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы көптеген жерді басып алды.
Сондай-ақ, Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін 20 мың сарбазды әскерге шақырмақ.
