Фото: ru.apa.az
Pahjwok агенттігінің хабарлауынша, алты адам шабуыл құрбаны болды, деп жазады «Ұлт ақпарат» Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, дұға етушілерге атыс қаруымен қаруланған адам шабуыл жасаған.
Тағы бір басылым — Agence France-Presse — Ауғанстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, мешітке шабуыл 29 сәуірде кешке болғанын растады. Қайғылы оқиға Гузара ауданында болды.
Әзірге бірде-бір лаңкестік топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.