27 қаң, 2020 сағат 14:30

Ауғанстанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында Ariana Afghan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарайды  BBC агенттігі.

 

1TV ауғанстан телеарнасының хабарлауынша, қазіргі мәліметтер бойынша ұшақ бортында 83 адам болған.

Tolo News басылымының айтуынша, әуе кемесі «Талибан» қозғалысы аумағына құлаған.

Ұшақ Дубайдан Кандагарға бағыт алған.

Айта кетерлігі, Ariana Afghan Airlines Ауғанстан ұлттық әуе компаниясының өкілдері Газни провинциясындағы лайнердің апатқа ұшырағаны туралы хабарламаны жоққа шығарды. Бұл туралы Ariana New s агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, компания директорның міндетін атқарушы Мирваз Мирзаквал Газни провинциясындағы компания ұшағының апатқа ұшырағанын жоққа шығарды.

Бұған дейін агенттік дүйсенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында Ariana Afghan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны хабарлаған еді.

Бір дерек көзінде лайнер Кабулдың Герат қаласынан ұшып шыққан. Бортында 110 адам болған. Тағы бір деректе ұшақ Гераттан Үндістанның Нью-Дели қаласына бара жатқаны хабарланды.