«Аудиокассеталардың сатылымы артты, дегенмен, магнитафон ленталары дефицит болып тұр», деп жазады Die Welt.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ, Ұлыбритания, Германияда аудиокассетаның сатылымы артқан.
Nielson Music компаниясының мәліметтеріне сенсек, 2018 жылы АҚШ-та аудиокассеталар сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 23%-ға, ал Ұлыбританияда 125%-ға өскен.
«Аудиокассеталарға сұраныстың артқаны соншалықты, АҚШ-тағы ең ірі өндіруші National Audio Company (NAC) шикізат дефициті туралы жариялаған. Олар магнитафон лентасын қабаттауға қажетті темір оксидінің (III) жетіспей жатқанын айтқан», - деп жазады басылым.
Автордың жазуынша, бұл шикізатты өндіретін жалғыз зауыт былтыр жөндеу жұмыстарына жабылған.