07 қыр, 2022 сағат 12:50

Ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді - синоптиктер


Синоптиктер 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклон әсерінен республика аумағының басым бөлігінде ауа райы салқын болады, тек Қазақстанның оңтүстігінде күн жылы болады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 8 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.