«Қазгидромет» РМК 25 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз шығыста оның екпіні 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 25 м/с артады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман болжанады.
Маңғыстау облысында жауын-шашын болады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде шығыста, күндіз батыс пен солтүстікте 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.
25-27 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. 26-27 наурызда желдің күші кей уақытта 23-28 м/с жетеді.