18 қар, 2021 сағат 20:01

Ауа райына байланысты алты өңірде ескерту жарияланды


Қазгидромет 19 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні - 23 м/с. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

19 қарашада таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.