Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Қазір барлық өңірмен тікелей байланыстамыз, бізге өңірлік Төтенше жағдай департаменті өкілдері ауа райы мен жол бойында жағдайға қатысты сағат сайын тың ақпарат ұсынып отыр. Жолаушыларға абай болуды ерекше ескерткіміз келеді. Азаматтар жолға шықпас бұрын «112»-ге хабарласып, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы немесе біздің министрліктің ресми сайтынан ақпаратпен танысқан жөн. Одан бөлек, жолдардың ашық немесе жабық екені және ауа райына қатысты мәліметті Қазгидромет пен ҚазАвтоЖол мекемелірінің ресми сайтынан білуге болады», - деді Т. Уәли елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ТЖМ өкілі жолға жылы киім, азық-түлік және байланыс құралдарымен қамдану шығуға кеңес берді.
«Егер жол бойында қалып қойған жағдайда азаматтар «112» төтенше жағдай нөміріне хабарласуға болады. Онда жобамен қай жерде екенін, қанша адам және көлік барын айтып айтқан соң, біздің мамандар шұғыл шара қабылдайды. Тағы бір маңызды сәт ұялы телефонның геолокациясын ажыратпауға кеңес береміз. Себебі құтқарушылар адамды таба алмаған жағдайда хабарласқан ұялы телефонның геолокациясы арқылы табу мүмкіндігі бар», - деді.
Бұған дейін ТЖМ өкілі жолда қалған 800-ге жуық көлік пен оның иесі құтқарылғанын айтқан болатын.