Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлар биыл астықтың бітік шығуына қолайлы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Есептік деректерге сәйкес, қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың өнімділігі негізінен орташа көпжылдық мәндерге жуық болады деп болжанады. Жамбыл облысының Рысқұлов, Шу және Сарысу аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күздік бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәннен жоғары болмақ», - делінген хабарламада.