25 ақп, 2021 сағат 15:31

Ауа райы: Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 8 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. 26 ақпанда түнде кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ға жетеді.

Тараз қаласында 26-28 ақпанда кей жерлерде тұман түседі.

26 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ға жетеді. 

26 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі. 

Қарағанды қаласында 26 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с-ға жетеді.

Жезқазған қаласында 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз күтіледі. 

26-27 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус аяз күтіледі. 

26 ақпанда түнде Ақмола облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді. Кей жерлерде тұман күтіледі. 

26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус аяз күтіледі. 

26 ақпан Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді. 

Орал қаласында 26 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. 

26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с-ға жетеді. 

26 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.