12 там, 2022 сағат 15:05

Ауа райы: Батыс пен оңтүстікте ыстық сақталады


Синоптиктер 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстігінде температура біртіндеп төмендейді. Мұның себебі - Солтүстік-Батыс антициклоны.

"Ол республиканың барлық аумағында таралса да, батыста ыстық ауа райы сақталады. Сонымен қатар фронталь бөліктер Республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына ауысады, солайша жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • республиканың солтүстігінде түнде +10 +18 градустан +5 +10 градусқа дейін, күндіз +23 +30 градустан 18 +23 градусқа дейін жылы,
  • күндіз батыста +32 +40 градус,
  • солтүстік-батыста +28 +38 градус,
  • орталықта +22 +33 градус,
  • шығыста +20 +28 градус,
  • оңтүстікте +32 +42 градус,
  • елдің оңтүстік-шығысында күндіз +22 +32 градустан +25 +35 градусқа дейін жылы болады.