Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Суық ауа массалары бар солтүстік-батыс антициклоны салдарынан республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.
17-18 ақпанда Түркіменстандағы Оңтүстік циклон оңтүстік-батыс бағытта қозғалып, Қазақстанның солтүстік аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне ауысады. Жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен батысында қарлы боран болады.
Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі байқалады.