Қазгидромет 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық ағындармен қоса жылжыйтын циклон, алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жаууына себепші болады. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдауы ықитимал және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аймақтарда антициклон ықпалында болады, сол себепті кішігірм жауын-шашын болжанады және көп жерлерде күн райы ашық болмақ. Елімізде ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2...6°С жоғары сақталады», делінген хабарламада.