Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қазгидрометке сілтеме жасап.
«Циклон және атмосфералық ағындардың келуіне байланысты елімізді жиі жаңбыр жауып, солтүстікте күндізгі температура плюс 10…20°С, республиканың оңтүстігінде плюс 18…25°С, климаттық нормадан 3…5°С төмен нағыз күзгі ауа райы орнады. Қазақстанда мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады деп болжануда. Тек батыс облыстарда жауын-шашын тоқтап, температураның нормаға дейін жоғарылауы күтіледі», делінген болжамда.