22 қаң, 2024 сағат 15:51

Атырауда көшедегі төбелестен 30 жастағы жігіт көз жұмды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Атырау қаласында күндіз көшеде екі жігіт өзара келісе алмай, соңы төбелеске ұласқан. Төбелестің салдарынан 30 жасқа толғалы отырған жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Оқиға 20 қаңтарда болған.

«Атырау қаласындағы шағынауданда 1983 және 1994 жылғы екі ер адам өзара сөзге келіп, содан соң төбелескен. Жанжал кезінде 1994 жылғы жігіт дене жарақатын алғаны анықталды. Жарақат алған ер адам қайтыс болды» - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған жанжалға байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Төбелеске не себеп болғаны белгісіз. Барлық мән-жай тергеу кезінде анықталады.