2018 жылдың соңғы тоқсанының қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі арқылы Қазақстан халқының кірісі бір жылдың ішінде үштен бірге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2018 жылдың IV тоқсанының соңында адам басына шаққандағы халықтың ақшалай кірісі 164,7 мың теңгені құрап, 2017 жылдан 11,3% өскен. Сонымен бірге, шығындар да өсіп, IV тоқсанның аяғында 163,2 мың теңге болған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,1% артық. Адам басына шаққандағы табыс шығыннан 1,5 мың теңгеге ғана артық болған. 2017 жылы айырма 2,4 мың теңгені құраған.
Шығындардың ұлғаюына салықтың, төлемдердің және т.б. төлемақылардың (+13,2%) және несие мен қарыз төлеуге жұмсалатын қаражаттың өсуі (+16% ) ықпал еткен.
2018 жылдың IV тоқсанының соңында халықтың шығыстары құрылымында тұтынушылық шығындар ең үлкен үлеске ие болған - 93,4% немесе 152,4 мың теңге. Несие мен қарыздарды өтеуге жұмсалатын шығындар 3,8% (6,2 мың теңге).
Еске салайық, 2019 жылдың соңында жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша кешіктірілген қарыздар 0,5%, 382,1 млн теңгеге дейін азайған. Ақшалай табыстың 11,3% өсуіне атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегі (+33,3%) және зейнетақыдан түскен табыс (+25,1%) ықпал еткен.
2018 жылдың аяғында бір жұмыскердің айлық орташа жалақысы бір жылда 7,5% өскен. Екінші орында зейнетақы тұр: 31 мың теңге. Табыстардың көлемі бойынша үштікті туыстардан, таныстар мен алименттен түскен материалдық көмек тұйықтап тұр: 4,7 мың теңге (+6,6%).