Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевқа есеп берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы жартыжылдықтағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды.
"Министр Бейбіт Атамқұлов өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бергі өсім көрсеткіші 5,6 пайызға, соның ішінде, фармацевтика 31 пайызға, машина жасау саласы 22 пайызға, химия 2,8 пайызға және металлургия 0,8 пайызға артқан. Бұдан бөлек жыл соңына дейін қасымша 126-дан аса жоба іске қосылады. Бұл жобаларға 1,1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынған", - делінген Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-парақшасында.
