23 там, 2018 сағат 13:36

Астананы тағы су басуы мүмкін

Демалыс күндері Астанада дауыл тұрып, найзағайлы жауын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер Ақмола облысында 24-26 тамыз аралығында жаңбыр жауады деп болжауда. 24 тамыз күндіз және 25 тамыз түнде кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Облыстың бірқатар өңірлерінде найзағайлы жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Астанада 24  тамызда күндіз және 25 тамызда түнде қатты нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. 24-26 тамыз аралығында найзағай ойнап, 24 тамызда солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады. 24-26 тамыз аралығында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.