Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж 8-9 маусымда өтетін ШЫҰ-ның кезекті саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".
Моңғолия 2004 жылы Ташкент саммитінде бақылаушы мәртебесін алған алғашқы ел болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы - Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан көшбасшылары негізін 2001 жылы қалаған халықаралық ұйым. 1996 жылы «Шанхай бестігі» құрылған. 2001 жылы ол Шанхай ынтымақтастық ұйымы болып өзгертілді. 2015 жылғы шілдеде ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі қолға алынды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, саммитке Ауғанстан президенті Ашраф Гани Ахмадзай және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді.
Ресей президенті Владимир Путин түстен кейін келеді деп күтілуде.