13 жел, 2022 сағат 19:15

Астанада «Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды


Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада балалар әні мен балалар поэзиясына (әндер, поэмалар, өлеңдер) арналған композиторлар мен ақындар арасындағы «Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен 2022 жылдың 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өткізілді.

Жобаның негізгі мақсаты балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар әндері мен өлеңдерінің репертуарын толықтыру, сондай-ақ Қазақстанның балалар композиторлары мен ақындарының шығармаларының мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына, балалар музыкалық мекемелеріне, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық кітапханаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды ілгерілету болып табылады.

Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова: «Бұл конкурсты Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылында өткізудің ерекше маңызы бар. Отанға деген сүйіспеншілікке, жоғары патриоттық ниетке оң көзқарасты қалыптастыратын мәдени өнімдерді құру өте маңызды. Бұл іске өнер туындылары арқылы үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдау да маңызды. Конкурсқа 400-ден астам өтініштің түсуі қоғамда рухани-адамгершілік жағынан өсуге және өзін-өзі жүзеге асыруға сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл іске өнер туындылары арқылы үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдау да маңызды» - деп атап өтті.

Байқау қызықты болды, өйткені ол қатысушыларды кәсіби және жас ерекшеліктеріне қарай шектемеді.  

«QAZAQSTAN» телеарнасында байқаудың басталғаны туралы хабарландыру оқушылардан бастап аға буын өкілдеріне дейін халықтың барлық жас санаттарында қызығушылық тудырды. Байқауға 405 өтінім келіп түсті, 204 шығарма қатысты, оның 133-і поэзия, 71-і ән ұсынды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына белгілі еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кірді.

«Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік Гала-концертте өтті.