15 мам, 2026 сағат 12:35

Астанада заңсыз тасымалданған газ баллондары тәркіленді


Фото: Polisia.kz


Астанада заңсыз тасымалданған газ баллондары тәркіленді. Патрульдік полиция күдік тудырған көлікті тоқтатып, тексеру кезінде қауіпті жүк анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 


Оқиға кешкі сағат 20:20 шамасында Абай көшесінде тіркелген. Құқық қорғау органдары Hyundai Palisade автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Рөлде 34 жастағы ер адам болған.


Тінту барысында көліктің жүксалғышынан қара пакетке салынған газ баллоны, сондай-ақ жүргізуші орындығының маңынан тағы бір баллон мен гель шарлары табылған. Барлық заттай дәлелдемелер тәркіленіп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.


Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам баллондарды сол күні сатып алып, көшеде шарларды гельмен толтырмақ болған.


Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция қысымдағы газ баллондарын заңсыз сақтау мен тасымалдау адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертті. Мамандар мұндай заттарды тек арнайы рұқсатпен және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып пайдалануға болатынын атап өтті.