Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі Төрағасының
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының
бірлескен отырысын шақыру туралы
ӨКІМІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 4 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин
Астана қ., 26 тамыз 2017 ж.
№ 75