9-10 желтоқсан күні өтетін жәрмеңкеде Астана қаласындағы жаңадан салынған пәтерлерді жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі туады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.
Астана қаласында 9-10 желтоқсан күндері жылжымайтын мүлік арзан бағада сатылатын «Қара жұма» шарасы өтеді.
«Астанадағы үй салушы компаниялар пәтерлер, коттедж, коммерциялық алаң, паркинг және қоймаларды 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатпақ. Жәрмеңке кезінде қонақтар үйді ипотекаға да ала алады», - дейді Elorda.info сайтына сұхбат берген ұйымдастырушылардың бірі Мая Жаңаділова.
Мұндай науқанның құрылыс компанияларға да пайдасы мол. Әдетте Жаңа жыл алдында халық пәтер сатып алуды бәсеңдетеді. Аталған шара Comfort Hotel Astana ғимаратында өтеді. Оған «Solar city», «Айбын Құрылыс», «Шар-Құрылыс» сынды компаниялар атсалысады.