01 шіл, 2020 сағат 14:42

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» веложарысына қатысады

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» онлайн веложарысына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Веложарыстың бірінші кезеңі 4 шілдеге жоспарланған. Сенбіде басталатын дода алты кезеңнен тұрады. Велошабандоздар 19 шілдеге дейін өзара мықтыны анықтайды. Жарыс ережесі бойынша бір кезеңге 4 спортшыдан қатыса алады. Таулы, спринтер және классификациялық нәтижелер бойынша жарыс қорытындысы шығады. Қазіргі таңда велододаға барлығы 39 команда тіркелген.