04 сәу, 2019 сағат 11:22

«Астана-Нұрлы жол-Риддер» бағытындағы пойыздың бағыты өзгерді

«Астана-Нұрлы жол-Риддер» бағытындағы пойыз маршруты өзгерді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Тасымалдаушының атына келген көптеген өтініштер назарға алынып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетімен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен «Астана-Нұрлы Жол-Риддер» бағытындағы №375/376 жолаушылар пойызының жүру бағытын өзгерту жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семей-Локоть және Шемонаиха-Өскемен-1 учаскелеріндегі жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және барлық қажетті іс-шаралар қамтамасыз етіледі.

Аталған пойыздың жүру бағытын өзгерту жолаушылардың жол жүру уақытын 5 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тексеруге байланысты мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде ұзақ уақыт аялдамайтын болады. Жол жүру уақыты 23 сағат 23 минутты құрайды.

Жаңа кестеге сәйкес пойыз Астана-Нұрлы жол станциясынан сағат 19:30-да жүреді, Риддер станциясына сағат 18:07-де жетеді. Риддер станциясынан 21:55-те шығады және Астана-Нұрлы жол станциясына сағат 20:43-те келеді.