03 там, 2017 сағат 08:05

"Астана" Чемпиондар лигасының келесі айналымына өтті (Видео)

Варшавада УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде «Астана» Польшаның «Легия» командасына 0:1 есебімен жол берді.

Бірінші кездесуде екі доп айырмасымен жеңіске жеткен Қазақстан чемпионының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі мол болған еді. Букмекерлер матч алдында қорытынды ойын осындай есеппен аяқталатынын топшылаған-тын. 

Матчтың 76-минутында Якуб Червиньски баспен гол салып, есеп ашты - 1-0. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі 4 тамызда өтеді. Турнирдің осы кезеңінде жеңілген күннің өзінде қазақстандық команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.  

«Легия» (Варшава, Польша) - Астана (Астана Қазақстан) 1:0 (0:0).

Бірінші матч 1:3

Гол: Червиньски 76 (1:0)

Ескерту: Енджейчик 60, Нодь 81 - Маевский 16, Аничич 60, Твумаси 74

«Легия»: Маляж, Паздан, Червиньски, Гильерме, Глоушек (Шиманьски 69), Копчиньски (Мончиньски 65), Кухарчик, Нодь, Енджейчик, Мулен, Садику (Хямяляйнен 58)

«Астана»: Мокин, Шитов, Аничич (Постников 63), Кляйнхайслер, Мұжықов (Граховац 84), Маевский, Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Мұртазаев (Бейсебеков 57), Шомко

Бас төреші: Якоб Келет (Дания)

2 тамыз. Варшава. Войска Польский.