Кеше кешкі уақытта, 30 қаңтарда әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы "Сәлем" базарында алапат өрт шыққанын хабарлады. Оқиғаның видеосы мен суреттері Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осы мәліметті растады.
"2018 жылы 30 қаңтарда кешкі 22:00 шамасында "Авангард" ЖШС аумағындағы контейнерлер өртенді. Онда автокөлік майлары мен бөлшектері сақталған. 28 өрт сөндіруші 22:49-да өртті ауыздықталды. Өрт аумағы - 120 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін арнайы 7 техника жұмылдырылды. 23:40-та өрт толығымен сөндірілді", - деді Иманқұлов.