17 сәу, 2022 сағат 20:15

Әскери саладағы жаңа форматтағы тексерістердің маңызы зор – полковник



Өткен аптада Қарулы күштерде екі айтулы шара аяқталды.  Олар әскерлерді бақылау тексерісі және «Батыл тойтарыс-2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы. Шаралардың мақсаттары мен қол жеткізген нәтижелері туралы бізге жаттығудың соңғы кезеңдегі оқиға орнынан Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы желі басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков онлайн-брифинг бағдарламасында айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Әскери саланың маманы оқу-жаттығудың маңызын айта келе, өткен шараларға да шолу жасады.

«Жаңа форматтағы тексерістер өте маңызды өтіп жатыр. Өйткені кезекті жаңа тәсілдер пайдаланудамыз. Әскери бөлімшелер тексерісті жақсы бағаға тапсыруда. Бағынысты әскерлерді тексерудің екі дәрежемен тексердік. Кәдімгі ұжым құрым бағынысты әскерлердің және тағы да тойтарыс беретін амалдарын қарастырдық. Иә, «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуы Қарулы күштермен мұндай масштабта бірінші рет өткізілуде. Бұл «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында біз басқа ведомствоаралық күш-құралдармен қарым-қатынасты арттырып, солармен бірге жұмыс істеп, жұмыстарымызды ары қарай шыңдадық», – дейді Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы желі басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков.

Осы орайда әскери салада осындай жаттығудың тиімділігі қаншалықты болады, болашақта қызметтеріңізге қандай да бір жаңалықтар енгізіледі деген сұрақтардың да туындауы заңды. Бұл туралы полковник былай дейді:

«Заманымызға сай мұндай жаттығулар лаңкестермен күресте бүкіл күш құралдар күресу керек. Сондықтан біз басқа күштермен қарым-қатынасымызды арттырып, күштерімізді пайдалануды бірге белгіледік. Және осы оқу-жаттығуда басқа күш-құралдармен бірлесіп объектілерді қорғанысқа алдық. Және стратегиялық маңызды объектте барлық күш-құралдар бірігіп, әрқайсымыз өзіміз бөлдік. Қай объектіні кім қорғанысқа алады? Осының мәселесінде ары қарай лаңкестерге төтеп беру бізге оңай деп есептейміз», – дейді Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы желі басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қарулы күштерде екі айтулы шара аяқталды.  Олар әскерлерді бақылау тексерісі және «Батыл тойтарыс-2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы. Шаралардың мақсаттары мен қол жеткізген нәтижелері туралы бізге жаттығудың соңғы кезеңдегі оқиға орнынан Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы желі басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков онлайн-брифинг бағдарламасында айтып берді. Әскери саланың маманы оқу-жаттығудың маңызын айта келе, өткен шараларға да шолу жасады.