05 қыр, 2024 сағат 12:08

Асқар Ақаев Қырғызстан парламентіне экс-президент мәртебесін қалпына келтіру туралы өтініш жасады

Фото: kaznu.kz

Бұл ақпаратты Конституциялық заңнама комитетінің төрайымы Чолпон Сұлтанбекова "Sputnik Қырғызстан" басылымына растаған, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның айтуынша, Жогорку Кенештің төрағасына хат 30 шілдеде түскен.

"Төраға біздің комитетке жолдады. Бірақ бұл өте жылдам процесс емес. Барлық фракциямен, депутаттармен кеңесу өтеді. Егер бұл орынды деп танылса, мәселе күн тәртібіне шығарылып, шешім қабылданады", - деді Сұлтанбекова.


Айта кетейік, Асқар Ақаевтың билігі 2005 жылдың наурыз айында құлатылған болатын. 2021 жылы ол алғаш рет Құмтөр ісі бойынша куәлік беру үшін Бішкекке ұшып келді. Осыдан кейін Садыр Жапаров Ақаев бұрынғы қателіктері үшін толық жауапкершілік алды деп мәлімдеді. 

Кейін Бас прокуратура Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады. Кейінірек Жапаров бір сұхбатында оның туралы өз пікірін білдірді. Одан кейін Ақаев зейнетке шыққан соң Қырғызстанға қайтуды жоспарлап отырғанын айтқан.