25 мам, 2021 сағат 10:46

«Ashyq» қосымшасын вакциналау паспортымен жедел интеграциялау қажет – Үкімет басшысы


«Ashyq» қосымшасын «Egov» порталындағы вакциналау паспортымен интеграциялау бойынша жедел іс-шаралар қабылдау қажет.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отырыс барысында Үкімет басшысы «Ashyq» мобильді қосымшасы қызмет көрсету саласында белсенді қолданылып жатқанын атап өтті. 

«Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, «Ashyq» қосымшасын «Вакцинация» модулімен, «Egov» порталындағы вакциналау паспортымен интеграциялау бойынша жедел іс-шаралар қабылдасын», - деген Премьер-Министр бұл жұмыстарды орынбасары Ералы Тоғжановқа бақылауға алуды тапсырды.