21 мам, 2021 сағат 14:17

Ashyq қосымшасы вакцина паспортымен қалай біріктірілмек?


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq қосымшасының вакцина паспортымен қалай біріктірілетіні туралы түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Егер сіз ПТР тест тапсырсаңыз үш күннен соң «жасыл» мәртебе шығады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік бас санитар дәрігердің ұсынған алгоритмі. Вакцинаға келсек, бүгінде техникалық жұмыс өз мәресіне жетіп қалды, жуырда дайын болады. Өздеріңіз білетіндей, денсаулық сақтау министрі 1 шілдеден бастап толықай көшетіні туралы айтты. Біз техникалық тұрғыдан әзір болғандықтан уақытты созбай іске қосуды ұсынғымыз келеді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков.