Қазақстанның бас санитар дәрігенің жаңа қаулысы бойынша санитарлық талапты сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қоғамдық тамақтану нысандары, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, спорт кешендері (іс-шаралар), сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдар, океанариум, жабық кешендегі балалардың ойын-сауық орталықтары, цирктер 2 апта ішінде 2 мыңнан астам тіркеу жасауы тиіс. Басқа облыстарда 2 аптада 1 мыңнан астам тіркеу жасаулы керек.
Ал бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтар, қонақ үйлер, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан қонақ үйлер 2 апта ішінде 1 мың тіркеу жасауы қажет. Қалған облыстарда-екі аптада 500-ден астам тіркеу жасалуы шарт.
«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру өлшемшарттары
№ | Объектілер/салалар | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары | Облыстар |
1. | Қоғамдық тамақтану объектілері, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтар, спорттық кешендер (іс-шаралар), сауналар, фитнес- орталықтары, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдар, океанариум, балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер | 2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу | 2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу |
2. | Бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтары, дайындықтар, отельдер, қонақүйлер | 2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу | 2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу |
Аталмыш қаулыда санитарлық талапты қалтқысыз сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілетіні айтылған.