22 мау, 2022 сағат 17:03

Асаубаева Президенттен қандай сыйлық алғанын көрсетті


Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Президенттінен қандай сыйлық алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездескен еді. Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер - Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер - Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Кейін шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram-парақшасында кездесуден суреттер жариялады. Сондай-ақ ол Президент атынан қандай сыйлық алғанын көрсетті.


Сурет:instagram.com/bibisarachess

Айта кетейік, кездесу соңында Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасына алдағы уақытта Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.