«Арыс, біз біргеміз» акциясы Арыс қаласына Қарағанды облысынан әуе кемелері арқылы 10 тонна азық-түлік пен киім-кешек жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы «Хабар» және «Qazaqstan» арнасында тікелей эфирде «Арыс, біз біргеміз» атты телемарафон барысында айтылды.
«Бірінші кезекте өртті ауыздықтау мәселесі тұр. Жарылыстар жиілігі бәсеңсіді. Жеке құрамды тәуекелге итермелемей жағдайды тұрақтандыруға тырысып жатырмыз. Оқыс оқиғаның тұтқыны болған жолаушыларға да көмек көрсетілуде», - деді Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин «Арыс, біз біргеміз» телемарафоны барысында.