2021 жылдың 21 маусымы күні Грузия өкілдерінің қатысуымен әзербайжан-грузин шекарасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, Армения әзербайжан тарапына Агдам ауданында танкіге және жаяу әскерге қарсы 97 мың минаның орналасқан жері көрсетілген картаны берді. Оның орнына ұсталған 15 армян босатылуы тиіс. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлайды
Ақпарат агенттігінің жазуынша, миналар орналасқан картаға қол жеткізу мыңдаған адамның, соның ішінде миналарды залалсыздандырумен айналысатын саперлердің өмірін сақтап қалады. Сондай-ақ қалпына келтіру және реконструкция бойынша жобалардың іске асырылуын және шарасыздан қоныс аударғандарды туған өлкелеріне қайтару процесін жылдамдатады.
