20 мам, 2017 сағат 22:24

Арман Оспанов жапон спортшысын cұлатып түсірді (видео)

Қазақ спортшысы Арман "Сұңқар" Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан "АСВ" турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жапон спортшысы Таичи Накажиманы екінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды massaget.kz порталы.

Аралас жекпе-жектен өтіп жатқан "АСВ-61" турнирінде отандасымыз бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Бірнеше рет әдіске салғанмен, жапон спортшысы сытылып шығып кетті. Ал екінші раундта Арманның айнала тепкен соққысынан кейін Таичи Накажима ес жия алған жоқ. Төреші жекпе-жекті тоқтатты.

 

Айта кетейік, "АСВ" (Абсолютті Беркут Чемпионаты) — аралас жекпе-жек турнирін өткізетін ресейлік промоушн. 2014 жылдан бастап әлемдік аренаға шыққан. АСВ турнирлері Ресей, Польша, Шотландия, Тәжікстан елдерінде ұйымдастырылды.