Қазақстандық жекпе-жек шебері Арман Әшімов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен M-1 Challenge 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті.
M-1 уақытша чемпиондыққа таласта ол финляндиялық Микаэл Силандерді нокаутпен жеңді. Бірінші раудта қос спортшы бір-бірінің осал тұсын барлаумен болды. Алайда, екінші раундта Арман қарсыласын нокаутқа жіберді.
Отандасымыз келесі жекпе-жегін жарақатына байланысты қашып жүрген чемпион Александр Доскальчукке қарсы өткізуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Әшімов 2017 жылы жеңіліп көрмеген Гаджимурад Алиевті сұлатып салған еді. Екінші жекпе-жегінде ол бразилиялық Родриго Мелонионы нокаутпен жеңді.